Center Image
IHSAN.KZ
Төлеутай ата мешітінде қайырымдылық іс-шарасы өтті
Төлеутай ата мешітінде қайырымдылық іс-шарасы өтті

Қарағанды қалалық “Төлеутай ата” мешітінде шәууәл айының құрметіне орай қайырымдылық шаралары жүзеге асты.

Алдымен қала  жамағатына қасиетті шәууәл айының ауызашар  дастарханы жайылды.

Мешіт имамы Рауан Төлеубекұлының ұйымдастыруымен және аймақ жамағатының қолдауымен жүзеге асқан шара барысында “Шәууал айының шарапаты” тақырыбында уағыз-насихат айтылып, жамағаттың сұрағына жауап берілді.

Сонымен қатар, аймақтағы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік үлестірілді.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz