Center Image
IHSAN.KZ
Отбасындағы ауызбіршілік – берекенің бастауы
Отбасындағы ауызбіршілік – берекенің бастауы

Шет ауданы, Ақадыр кентіндегі «Иса молла» мешітінің ұстазы Әлия Рахманқызы әйелдер жамағатына арнап «Отбасындағы ауызбіршілік» тақырыбында уағыз-насихат жүргізді.

Уағыз барысында ұстаз қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – отбасындағы зорлық-зомбылыққа тоқталып, Ислам дініндегі отбасы құндылықтары, өзара құрмет пен түсіністік жайлы тағылымды ойларымен бөлісті. Сондай-ақ әйел-ананың отбасындағы орны мен маңызын, сабыр мен имандылықтың берекеге бастайтын жол екенін атап өтті.

Жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға ұстаз жан-жақты жауап беріп, пайдалы кеңестер айтты.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz