Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «Нұр» мешітінде көпшілікті қуантқан игі іс атқарылды. Мешіт ауласының сыртқы қоршаулары толықтай жаңартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Бұл сауапты іске мешіттің бас имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы ұйытқы болды.
Игі іске мешіт қызметкерлері мен жамағаты белсене қатысып, бірліктің жарқын үлгісін көрсетті. Қоршаудың жаңартылуы – мешіттің көркін арттырып қана қоймай, жамағат үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Мешіт – Алланың үйі ғана емес, рухани тәрбие мен ізгілікке бастар жолдың бастауы. Сондықтан осындай жұмыстардың қолға алынуы – жамағат үшін де, жалпы қоғам үшін де үлкен мәнге ие.
Жаңартылған қоршау – жамағаттың ортақ ниеті мен имандылыққа деген ықыласының нәтижесі десек, артық айтқандық емес.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі