Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде зиялы қауыммен рухани кездесу өтті
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде зиялы қауыммен рухани кездесу өтті

Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «Нұр» мешітінде елдің рухани өміріне серпін беретін маңызды басқосу ұйымдастырылды. Кездесуді мешіттің бас имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы ұйытқы болып өткізді.

Жиынға қала ақсақалдары, ардагер ұстаздар мен мемлекеттік мекемелерде қызмет атқарып жүрген зиялы қауым өкілдері қатысты. Кездесу барысында «Нұр» мешітінің бүгінгі тыныс-тіршілігі, атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлары кеңінен талқыланды.

Қатысушылар өзара пікір алмасып, мешіт ұжымының қызметіне оң бағасын берді. Сонымен қатар ұсыныс-тілектерін ортаға салып, осындай басқосулардың ел бірлігі мен рухани жаңғыру жолындағы маңызын атап өтті.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz