Center Image
IHSAN.KZ
Теміртауда жамағат арасындағы футбол ойыны дәстүрге айналды
Теміртауда жамағат арасындағы футбол ойыны дәстүрге айналды

Қарағанды облысы, Теміртау қаласындағы орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің имамы Ақниет Сәлімбайұлының бастамасымен рухани тәрбие мен саламатты өмір салтын ұштастыру мақсатында әр бейсенбі сайын жамағат арасында футбол ойындары ұйымдастырылып келеді.

Игі мақсатты көздеген бұл спорттық бастама — жамағат арасындағы бауырмалдық пен ынтымақты арттырып, денсаулықты нығайтуға арналған зор мүмкіндік. Спорт пен иман үндестігін насихаттаған бұл игі іс жастарға да өнеге әрі серпін бере бастады.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz