Center Image
IHSAN.KZ
«Төлеутай ата» мешітінде балаларға айттық таратылды
«Төлеутай ата» мешітінде балаларға айттық таратылды

Жер бетіндегі барлық мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын ұлық мерекенің бірі - Құрбан айт мейрамы. 

Осынау ұлық мейрамда  Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен жас жеткіншектерге айттық таратылды. 

Берекелі іс-шара барысында бүлдіршіндерге ойын-сауық ойнатылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, сыйлықтар үлестірілді. 

Осындай ерекше қуаныш сыйлаған мешіттің дін қызметкерлеріне ата-аналар қауымы өздерінің ыстық лебізі мен алғыстарын атап өтті.


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz