Center Image
IHSAN.KZ
Өткенге құрмет – ұрпаққа міндет
Өткенге құрмет – ұрпаққа міндет

Еліміз бойынша «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының қызметі бүгінгі талап пен талғамға сай халыққа қызметін жалғастырып келеді. Халқымыз қаза болған адамды жерлеу турасында ғасырлар бойы қалыптасқан, тұрмыста бекем орын алған қағида-ережелері шариғат заңдарымен тығыз байланыстарған. Дегенмен, қазіргі таңда жерлеу рәсімдерінде ұлттық дәстүр ерекшеліктері сақталғанымен, ысырапшылдық пен бәсекелестікке түсіп жатқандар да кездеседі. «Бір қуаныш, бір қайғы. Алма-кезек зулайды» дегендей, ағайын туыстар қаза мен қуанышта ұжымдасып жататыны белгілі. Жерлеу рәсімі - қайтыс болған кісіні жер қойнына беру ғана емес, шариғатымыздағы ережелерді сақтай отырып, ысырапшылдықтан тыйылу. Мысалы, қабірге белгі ретінде күмбез тұрғызу міндетті емес. Одан гөрі марқұмға бағыштап жиі Құран оқып тұрған сауап. «Qamqor-Sharapat» салттық қызмет көрсету орталығының осындай мәселелерде нақты пәтуә бере отырып, өзге рәсімдерді бірізділікке түсіруде жұмыс жасап келеді. Сонымен қатар, осы орталықтың жерлеу рәсімдерінде ысырапшылдық пен бәсекелестікке жол бермеу және жалпыға ортақ мәдениет қалыптастыру, қабір басындағы бәсеке ретінде мазар салып жарысуды тоқтатып, ысырапқа жол бермеу үшін зиратты бірізділікке келтіру, жерлеу рәсімдері шариғат нормаларына және ата-баба дәстүріне сай болуымен бірге, өркениет көшінен де артта қалмауын мақсат еткен. Зираттарымыз өз дәрежесінде қамқорлыққа алынып, жыл сайын сенбіліктер ұйымдастырылып, зиратқа қатысты мәселемен барушыларға және зиярат етушілерге шариғат талаптары жазылған жадынамалар ілінген. Сондай-ақ осы орталықтан арнайы даярланған марқұмға дер кезінде қажетті жабдықтар да (ахиреттік заттар) арнайы даярланып, тасымалдауға қолайлы мұздатқыштар т.б халыққа ұсынылуда. Осы бөлімге жауапты діни қызметкерлер өзара бас қосып, өзекті деген тақырыптар талқыланып, шариғат және пәтуә бөлімімен тығыз байланыс орнатылған. Облысымыз бойынша «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітапшалары мешіттер арқылы тегін таратылып, халық арасында шариғат шеңберінде насихат жұмыстары да біріздендіріліп келеді. «Бірлескен істе береке бар» демекші, осындай сынақ болған ортада сол әулеттің үлкендері де салмақты ой айтып, ысырап пен артық шығынға бой алдырмай, марқұмға сауабы көбірек тиетін іс әрекеттерге қолдау білдіріп отырғаны абзал.  

 

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Бақдәулет Қыдырбайұлы


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz