ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің тапсырмасына сәйкес, Қарағанды облысы бойынша түзету мекемелеріне бекітілген оңалтушы имам-ұстаздармен арнайы жиын өткізілді.
Жиын барысында түзету мекемелерінде жүргізіліп жатқан рухани-ағартушылық және діни оңалту жұмыстарының барысы сараланып, атқарылған іс-шаралардың нәтижелері талқыланды.
Сондай-ақ сотталған азаматтардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі діни құндылықтарды насихаттау, теріс діни ағымдардың ықпалына түсудің алдын алу және олардың қоғамға қайта бейімделуіне рухани қолдау көрсету мәселелеріне баса назар аударылды.
Кездесуде оңалту жұмыстарының тиімділігін арттыру, жеке түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу және түзету мекемелерінің әкімшілігімен өзара байланысты нығайту жөнінде пікір алмасылды.
Жиын соңында жауапты имам-ұстаздарға нақты міндеттер жүктеліп, алдағы жұмыс бағыттары айқындалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы