Center Image
IHSAN.KZ
ЖАСТАРҒА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ ЗИЯНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
ЖАСТАРҒА НАШАҚОРЛЫҚТЫҢ ЗИЯНЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен, Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен, сектор жетекшісі Келдібек Қуатбекұлының үйлестіруімен мешіт жастары және өңірдегі жастар ұйымдарының өкілдері арасында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің арнайы қонағы – Қарағанды қалалық Міржақып Дулатұлы мешітінің имамы Мирас Ерланұлы болды.

Іс-шара барысында нашақорлықтың адам өміріне, денсаулығына, отбасына және қоғамға тигізетін кері әсері кеңінен түсіндірілді. Сондай-ақ жастарға зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанудың, уақытты тиімді пайдаланудың және рухани құндылықтарды берік ұстанудың маңыздылығы айтылды.

Кездесу соңында қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.

Мақсат – жастар арасында нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау және имандылық пен ізгілік құндылықтарын дәріптеу.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz