Center Image
IHSAN.KZ
Майқұдық жастарының мешіт имамымен бірге футболдан достық кездесуі
Майқұдық жастарының мешіт имамымен бірге футболдан достық кездесуі
Майқұдық жастары «Әл Ғаффар» мешітінің имамымен бірге футбол ойнап, танысып-білісті. 

Спорт арқылы жастық уақытты пайдалы өткізіп, денсаулықты нығайту – иманды мұсылманға тән іс.

Кездесу соңында имам жастарға насихат айтты:

«Әлсіз мұсылманға қарағанда, күшті мұсылман – жақсырақ» (хадис).

Яғни, мұсылман тек дене тұрғысынан ғана емес, рухани тұрғыдан да мықты болуы тиіс. Ол үшін мешітке келіп, білім алып, иманды арттырудың маңызы зор.

Осындай басқосулар – жастардың бауырмалдығын күшейтіп, иманға деген сүйіспеншілікті арттыра түседі.

Алла баршамызды дені сау, білімі терең, иманды жастардан қылсын!

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz