Center Image
IHSAN.KZ
Егіндібұлақ ауылдық «Балқантау» мешітінде Құран жарысы өтті
Егіндібұлақ ауылдық «Балқантау» мешітінде Құран жарысы өтті

Қарқаралы ауданына қарасты Егіндібұлақ ауылындағы «Балқантау» мешітінде Қасиетті Құран Кәрімнің 30-парасын жатқа және мәнерлеп оқудан сайыс ұйымдастырылды.

Рухани іс-шараның мақсаты – жас буынды Құран Кәрімді оқып-үйренуге баулу, діни білімге деген қызығушылығын арттыру, ұлттық және рухани құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ қарилардың өнерін шыңдау болды.

Сайысқа әр өңірден келген қатысушылар өзара бақ сынап, Құран аяттарын жатқа әрі тәжуид қағидаларына сай мәнерлеп оқудан білімдері мен дайындықтарын көрсетті. Қазылар алқасы қатысушылардың жатқа оқу деңгейін, тәжуид талаптарын сақтауын және оқу мәнерін бағалады.

Жарыс қорытындысы бойынша:

  • І орын – Мағауия Ибрагим Даниярұлы;
  • ІІ орын – Медетұлы Хақназар;
  • ІІІ орын – Асылжан Шахмерден.

Сайыс соңында жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға ризашылықтарын білдіріп, олардың Құран ілімін үйрену жолындағы талпыныстарына береке тілеп, мұндай рухани шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатынын жеткізді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz