Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қаласындағы «Ар-Рахман» мешітіне жаңа ұстаз және азаншы тағайындалды
Қарағанды қаласындағы «Ар-Рахман» мешітіне жаңа ұстаз және азаншы тағайындалды
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бұйрығымен Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітіне Айкурген Султан ұстаз қызметіне, Мелдехан Ермахан азаншы қызметіне тағайындалды.

Жамағатқа жаңа дін қызметкерлерін таныстыру рәсімінде олардың алдағы діни-ағартушылық қызметтеріне сәттілік тілеп, жауапты міндеттерін абыроймен атқаруына ізгі лебіздер білдірілді.

Алла Тағала жаңа қызметтеріне береке беріп, ел игілігі мен дініміздің өркендеуі жолындағы еңбектеріне мол сауап нәсіп етсін. Жаратқан Иеміз атқарып жатқан игі істерін қабыл етіп, екі дүниенің жақсылығына жеткізгей. Әмин.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz