Қарағанды қаласындағы «Төле би» мешітінде «Мектепке жол» акциясы жалғасын тауып, тағы 20 мұқтаж балаға оқу құралдары таратылды.
Жалпы 30 сөмке қажетті құрал-жабдықтарымен бірге балаларға табысталды.
Бұл игі іс-шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету.
Балғындардың қуанышы ата-аналардың алғысына ұласты.
Жақсылыққа ұмтылған осындай қайырымды істер қоғамдағы бауырмалдықты күшейтеді.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі