Center Image
IHSAN.KZ
«Әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды
«Әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі» тақырыбында семинар ұйымдастырылды

Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кентіндегі «Ерімбет ата» мешітінде әйел-қыздарға арнап ұстаз Әмина Алмасқызы «Әйелдің әлеуметтік желідегі әдебі» тақырыбында семинар өткізді.

Жиында әлеуметтік желіні пайдалану мәдениеті, артық уақыт жоғалтпау, діни және ұлттық құндылықтарды сақтап, өз орнын қадірлеу мәселелері сөз болды.Ұстаз жастарға дұрыс ақпаратты ажырата білу, өсек-өтірікке араласпау және әрбір жазбаның жауапкершілігін сезіну қажеттігін атап өтті.

Қатысушылар көкейдегі сұрақтарын қойып, пайдалы кеңестер алды. Семинар соңында әйел-қыздар алғыстарын білдіріп, мұндай кездесулердің тәрбиелік мәні зор екенін тілге тиек етті.

ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz