Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде Дүниежүзілік тазалық күніне орай кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мешіттің ішкі және сыртқы аумағы тазартылып, аулада орналасқан тас жолдар ретке келтірілді. Сонымен қатар, қоршаған ортаға күтім жасауға ерекше назар аударылды.
Игі іске мешіт жамағаты белсене қатысып, бірлескен еңбектің нәтижесінде мешіттің келбеті одан әрі көркейе түсті. Сенбіліктің басты мақсаты – Алланың үйін таза ұстау, жамағатты ортақ ізгі істерге жұмылдыру және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру болды.
Бұл бастама жамағат бірлігін нығайтып қана қоймай, жастарға өнеге болып, ортақ іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиеледі.
ҚМДБ Қарағанды облысы өкілдігінің баспасөз қызметі