Center Image
IHSAN.KZ
«Дені саудың – жаны сау» тақырыбында кездесу өтті.
«Дені саудың – жаны сау» тақырыбында кездесу өтті.
Қарағанды облысы Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы қалалық аурухана қызметкерлері мен ем алушы тұрғындармен жүздесті. Кездесу барысында имам «Дені саудың – жаны сау» тақырыбында уағыз-насихат жүргізіп, денсаулықтың адам өміріндегі ең үлкен нығмет екенін атап өтті.

Шара барысында дене саулығы мен рухани саулықтың өзара байланысы жайлы айтылып, дінімізде тазалық пен салауатты өмір салтының маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, сабыр, шүкір және ізгілік секілді рухани құндылықтардың адам өміріндегі орнына тоқталды.

Және шараға Шахтинск қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Әйгерім Сареповна қатысып, денсаулықты сақтау мен алдын алу шаралары жөнінде өз пікірін білдірді.

Кездесу соңында қатысушылар имам мен мамандарға алғыстарын айтып, осындай рухани әрі танымдық кездесулердің жиі өтуінің маңыздылығын атап өтті.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz