ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің әйел-қыздар жамағаты қаладағы балалар үйіне барып қайырымдылық шарасын жүзеге асырды.
Мешіт ұстазы Әйгерім Берікболқызының ұйымдастыруымен өткен игі шарада балаларға қуаныш тарту етіліп, жеткіншектерге ойыншықтар, киім-кешек, тәттілер мен жемістер таратылып, арнайы шақырылған аниматорлар балдырғандарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Балалармен әртүрлі ойындар ойнатылып, қуанышқа толы әсерлі сәттер жасалды.
Ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): «Менімен жетімге қамқорлық етуші адам жәннатта мына екі саусақ тәрізді жақын боламыз», – деп сұқ және ортаңғы саусағын көрсетуі де бұл істің абзал, әрі Алланың қош көрген салиқалы сүннет екендігін аңғартады.
Жамағаттың мұндай жанашырлығы – мейірімділік пен қамқорлықтың көрінісі.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы