Center Image
IHSAN.KZ
КӨШПЕЛІ УАҒЫЗ-НАСИХАТ ШАХТИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ
КӨШПЕЛІ УАҒЫЗ-НАСИХАТ ШАХТИНСК ҚАЛАСЫНДА ЖҮЗЕГЕ АСТЫ

Саран қалалық мешітінің наиб имамы Ерболат Дәуржан Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жұма намазын өткізіп,   көшпелі  уағыз- насихат жұмыстарын жүргізді. 

Шараның негізгі мақсаты – жамағаттың діни сауаттылығын арттыру, рухани құндылықтарды кеңінен насихаттау, сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайту.

Жұма намазы барысында мешіт жамағатына арнап ислам дінінің адамгершілікке, сабырлылыққа, өзара құрмет пен бейбітшілікке үндейтін қағидалары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүр мен діннің өзара сабақтастығы, жат ағымдардан сақтану, жастар тәрбиесі сынды өзекті тақырыптар қозғалды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2025 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz