Center Image
IHSAN.KZ
Осакаровка аудандық мешітіне жаңа имам тағайындалды
Осакаровка аудандық мешітіне жаңа имам тағайындалды

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің  бұйрығымен Аяпбеков Құдайберген Серікұлы  Қарағанды облысына қарасты Осакаровка аудандық мешітінің  имамы болып тағайындалды.

Қасиетті жұма күні Қарағанды облысының бас имамы Әбдіғали Естай Айтуғанұлы  жаңа имамды жиналған жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Бұған дейін Саран қаласына қарасты Ақтас кенті мешітінің наиб имамы қызметін атқарған  Құдайберген Серікұлының қажырлы қызметіне баға беріп, тәжірибелі имамның бұл қызметті де табысты атқарарына сенім білдірді.

Сондай-ақ, Осакаровка аудандық мешітінде бұған дейін имамдық қызметін абыройлы атқарып, дін жолында белсенді қызмет атқарған Мұхаммадқашқари Жоламанұлының жасаған жұмыстары үшін облыс бас имамы арнайы алғыс хатын табыстап, қазақы құрметпен иығына шапан жапты.

Аяпбеков Құдайберген Серікұлы

1989 - жылы 11 ақпанда  Қарағанды облысы, Шет ауданына қарасты Жарық станциясында дүниеге келген. 

Білімі:

2021-2022 жж  Қарағанды облысы, Қарағанды қалалық «Хазірет Али» мешітінің наиб имамы;

2022-2023 ж.ж Қарағанды облысы, Абай ауданына қарасты Жұмабек ауылдық мешітінің имамы;

2023-2024 ж.ж Қарағанды облысы, Қарағанды қалалық «Хазірет Али» мешітінің наиб имамы;

2024 - жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қарағанды облысы, Саран қаласына қарасты Ақтас кенті мешітінің наиб имамы қызметін атқарып келді.

Үйленген, 2 баласы бар.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz