Center Image
IHSAN.KZ
«Жастар және жасанды интеллект» тақырыбында насихат өтті»
«Жастар және жасанды интеллект» тақырыбында насихат өтті»

Қазіргі заманда жасанды интеллект - уақыт талабы әрі қоғам дамуының ажырамас бөлігі. Осыған байланысты Бұқар Жырау аудандық «Жыржыс қажы» мешітінің имамы Рүстем Мұратұлы мешіт жастарына арналған «Жастар және жасанды интеллект» тақырыбында насихат айтты.

Насихат барысында имам заманауи технологияларды жоққа шығару немесе олардан үрку дұрыс емес екенін, керісінше жасанды интеллектті білім алу, ізгі істерге қызмет ету, қоғам игілігі жолында тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар интернет пен цифрлық кеңістікте таралып жатқан теріс, күмәнді әрі адастырушы дүниелерге ермеуге шақырып, жастарды саналы таңдау жасауға үндеді.

Имамның айтуынша, дін мен ғылым, дәстүр мен технология бір-біріне қарсы емес, қайта бірін-бірі толықтырып, адам баласының кемелденуіне қызмет етуі тиіс. Кездесу жастарға рухани серпіліс беріп, қазіргі заман сынақтарына дұрыс көзқарас қалыптастыруға бағытталды.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz