Center Image
IHSAN.KZ
Абай аудандық орталық мешітінде жамағатқа «Пәтуа сағаты» өтті»
Абай аудандық орталық мешітінде жамағатқа «Пәтуа сағаты» өтті»

Абай аудандық орталық мешітінде жұма намазынан кейін мешіт жамағатына  «Пәтуа сағаты» ұйымдастырылды. Іс-шараны мешіттің наиб имамы Есбол Оңалұлы жүргізді.

Пәтуа сағаты барысында жамағатты толғандырған діни сұрақтарға шариғат талаптарына сай нақты әрі түсінікті жауаптар берілді. Сондай-ақ күнделікті өмірде кездесетін діни мәселелер бойынша дұрыс ұстаным қалыптастыру, пәтуаның маңызы мен орны жайында кеңінен түсіндірілді.

Кездесу жамағат үшін пайдалы әрі тағылымды өтті. Мұндай рухани бағыттағы кездесулер мешітте  әр жұма күні тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz