Center Image
IHSAN.KZ
Шахтинск қаласында конституциялық реформалар бойынша жиын өтті
Шахтинск қаласында конституциялық реформалар бойынша жиын өтті
Шахтинск қаласы әкімдігінің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасын талқылауға арналған конституциялық реформалар бойынша актив жиыны өтті. Аталған маңызды кездесуге Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің имамы Мәулен Әбілхайыр Кәсенұлы арнайы қатысып, қоғамдық диалог алаңындағы пікір алмасуға өз үлесін қосты.

Жиынға кенттердің әкімдері, қалалық мәслихат депутаттары, құқық қорғау және аумақтық органдардың өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, саяси партиялар, бизнес қауымдастығы, зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар мен жастар өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар Ата заңға енгізілетін негізгі өзгерістерді жан-жақты талқылап, конституциялық реформалардың қоғам дамуына, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған басымдықтарын қарастырды.

Сонымен қатар реформалардың ел болашағы үшін маңызы, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты нығайтудағы рөлі атап өтіліп, ашық пікір алмасу форматында ұсыныстар мен ой-пікірлер айтылды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz