Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде кезекті бейсенбілік рухани іс-шара аясында «Отбасы бақыты және оның құндылығы» тақырыбында ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.
Шара барысында мешіт имамы Азамат Төлеуханұлы отбасы институтының қоғамдағы орны, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық, ата-ана мен бала тәрбиесінің маңызы, сондай-ақ исламдағы отбасылық жауапкершілік мәселелері жөнінде түсіндірме-насихат семинарын жүргізді. Насихатта отбасы бірлігін сақтау, сабыр мен кешірім, өзара құрмет пен мейірім құндылықтары кеңінен қамтылды.
Рухани кеш барысында Құран аяттары оқылып, ел амандығы мен отбасы берекесі үшін дұға бағышталды. Аталған іс-шара жамағаттың рухани санасын арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған мешіттің тұрақты ағартушылық бастамаларының бірі болып табылады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы