Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде әйел-қыздарға арналған фиқһ дәрісі өтуде
Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінде әйел-қыздарға арналған фиқһ дәрісі өтуде

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің ұстазы Ажар Қыдырманқызының өткізуімен әйел-қыздар жамағатына арналған фиқһ пәні бойынша дәріс жалғасын табуда.

Дәріс барысында күнделікті өмірде жиі кездесетін шариғи мәселелер, ғибадаттарға қатысты үкімдер және діни сауатты арттырудың маңызы кеңінен түсіндірілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі тұшымды жауаптар алды.

Аталған дәріс әйел жамағатының діни білімін тереңдетіп, рухани тәрбиесін нығайтуға бағытталды. Мұндай пайдалы дәрістер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz