Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінде қасиетті Рамазан айына дайындық мақсатында «Рамазан — рухани тазару және адалдық айы» тақырыбында дәріс өтті.
Тағылымды басқосуды мешіттің наиб имамы Дархан Түменбай жүргізіп, жамағатқа Рамазан айының адам өміріндегі маңызы, сабыр мен тақуалықтың орны, адалдық пен ізгі амалдардың сауабы жайлы насихат айтты. Сондай-ақ оразаның рухани тәрбиедегі рөліне ерекше тоқталды.
Дәріс соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, алдағы қасиетті айды лайықты қарсы алу жөнінде пайдалы кеңестер ұсынылды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы