Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде жастарға арналған семинар өтті
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде жастарға арналған семинар өтті
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде мешіт имамы Азамат Төлеуханұлының ұйымдастыруымен жастар жамағатына арналған «Жастар және жасанды интеллект» тақырыбында семинар өткізілді. Семинар барысында имам жастардың болашақтың кепілі екенін атап өтіп, қазіргі кезеңде жауапкершілікті сезіну мен саналы таңдау жасаудың маңыздылығына тоқталды.

Сондай ақ Іс-шараға арнайы ТОО InLife қызметкері, ATİ саласының маманы Ержан Елубекұлы шақырылып, жасанды интеллекттің қазіргі қоғамдағы рөлі, оның білім беру мен еңбек нарығындағы қолданылуы, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтармен өзара байланысы жөнінде мазмұнды түсіндірме жүргізді. Сонымен қатар жастардың бұл технологияларды тиімді әрі жауапкершілікпен пайдалану жолдары кеңінен талқыланды.

Семинардың негізгі мақсаты – жастардың заманауи технологиялар жөніндегі танымын кеңейту, цифрлық сауаттылығын арттыру және жасанды интеллектті рухани-адамгершілік құндылықтармен үйлестіре қолдану мәдениетін қалыптастыру.
Аталған семинар мешіттің жастармен жұмыс жүргізу бағытындағы ағартушылық және тәрбиелік іс-шараларының бірі ретінде жүзеге асырылды.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz