Шет ауданына қарасты Ағадыр кенті «Иса молла» мешітінің әйел-қыздар жамағатының ұйымдастыруымен «10 жыл – 10 тұлға» тақырыбы аясында рухани-танымдық шара өтіп, Хуайлид қызы Хадиша анамыздың өнегелі өмірі көрініс арқылы сомдалды.
Көріністе Хадиша анамыздың Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген шынайы құрметі, адалдығы, қолдауы мен бойұсынуы кеңінен көрсетіліп, оның барша әйел қауымы үшін үлгі боларлық тұлға екені насихатталды.
Аталған жоба сахаба аналардың өмірін және қазіргі заман аналарының қоғамдағы орнын сөзге тірек ете отырып, әйелдердің рухани тәрбиесін нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Шара Ағадыр кентінің мәдениет үйінде өтіп, қатысушыларға тағылымды әсер қалдырды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы