Қарағанды қалалық «Әл-Ғаффар» мешітінің ұстазы Бақыт Амантайқызының ұйымдастыруымен әйел-қыздар жамағатына арналған Құран дәрістері өз нәтижесін беріп, 30 шәкірт Қасиетті Құранды жүзінен оқуды меңгеріп, Құранға түсті.
Осыған орай мешітте рухани кеш ұйымдастырылып, шәкірттерге арнайы тәж кигізу рәсімі өтті. Сонымен қатар, шәкірттерге сертификаттар мен Құран кітаптары тарту етілді.
Бұл – шәкірттер үшін рухани өмірдегі маңызды қадам әрі иман жолындағы игі бастама. Құран оқу – сабыр мен тұрақтылықты, шынайы ықыласты талап ететін қасиетті амал. Құранмен қауышу – Алла Тағаланың пендесіне берген ұлы нығметтерінің бірі.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің» – деп өсиет еткен.
Іс-шара барысында шәкірттерге ақ тілектер айтылып, Алла Тағаладан басталған бұл жолдың берекелі болуы, Құранды жүректеріне орнықтырып, онымен амал ететін құлдардан болу тілегі жасалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы