Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық №2 Білім-инновация лицейінде тәрбиелік кездесу өтті
Қарағанды қалалық №2 Білім-инновация лицейінде тәрбиелік кездесу өтті

Қарағанды қалалық №2 Білім-инновация лицейінде тәрбие сағаты өтті. Лицей әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға Қарағанды қалалық «Бұқар жырау» мешітінің наиб имамы Аманбол Рымқұлұлы қатысты.

Кемелдену айлығы аясында ұйымдастырылған тәрбиелік кездесу 9-сынып оқушыларына арналды. Шара барысында Аманбол Рымқұлұлы жасөспірімдерге рухани тәрбие, адамгершілік құндылықтар және жеке тұлғаның кемелденуі жөнінде насихат айтып, өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу соңында лицей оқушылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, тағылымы мол әрі мазмұнды сұхбат өтті.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz