Center Image
IHSAN.KZ
«Дәстүр және отбасы» бағыты: Қарағанды облысының наиб имамы республикалық семинарда
«Дәстүр және отбасы» бағыты: Қарағанды облысының наиб имамы республикалық семинарда

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Бақдәулет Қыдырбайұлы Алматы қаласында «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Дәстүр және отбасы» бағыты бойынша өткен республикалық семинарға қатысып, арнайы ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының алғыс хатпен марапаталды.

Аталған шараға еліміздің барлық өңірлерінен жиналған «Дәстүр және отбасы» бағытына жауапты дін мамандары қатысты.

Семинар аясында ҚМДБ «Дін мен дәстүр» бағытының жауапты меңгерушісі Нұрбек қажы Әуезханұлы «Дін мен дәстүрге» қатысты тәжірибелік бағыттағы шеберлік сабақтарын өткізіп, өңірлерден келген дін мамандарына ұсынды. 

Сонымен қатар, «Дәстүр және отбасы» бағыты бойынша жылдық жоспар таныстырылып, алдағы кезеңге арналған бірқатар өзекті ұсыныстар мен тапсырмалар айтылды.

Шара аясында ҚМДБ «Дәстүр және отбасы» бөлімінің  облыс бойынша жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы арнайы баяндама жасап, Дін мен дәстүр сабақтастығын нығайту, отбасы құндылықтарын қоғамда жүйелі түрде насихаттау мәселелері төңірегінде ой-пікірін білдірді.

Айта кетейік, Республикалық семинар дін қызметкерлері арасында тәжірибе алмасуға, дәстүрлі рухани құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы институтын нығайтуға бағытталған.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz