Center Image
IHSAN.KZ
Дұғаның қабыл болуы және уақыптың маңызы
Дұғаның қабыл болуы және уақыптың маңызы

Қарағанды қалалық «Міржақып Дулатұлы» мешітінің имамы Жасұлан Манапұлы Шет аудандық «Жанқұтты би» мешітінің жамағатымен кездесіп, «Дұғаның қабыл болуы» тақырыбында насихат айтты.

Кездесу барысында имам дұғаның қабыл болу шарттары, ықылас пен сабырдың маңыздылығы жайлы кеңінен тоқталып, жамағатқа рухани тағылымды ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, уақып қорының маңыздылығы, уақыптың мәні мен қоғамдағы орны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, мұндай рухани кездесулер жамағаттың діни сауатын арттыруға және ізгі амалдарды кеңінен насихаттауға бағытталған.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz