«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Қарағанды облысы, Саран қалалық мешітінің наиб имамы Ерболат Дауржан Күзембаев атындағы кен орнының жұмысшыларымен жүздесті.
Кездесу барысында имам адал еңбек, жауапкершілік, әділдік және өзара құрмет секілді адамгершілік құндылықтардың қоғамдағы маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ ислам дінінің жеке өмірде де, еңбек ұжымында да адалдық пен тәртіпті жоғары қоятынын атап өтті.
Шара барысында шахта қызметкерлері көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, рухани тұрғыда пайдалы ақпарат алды. Мұндай кездесулер қоғамда адамгершілік пен бірлікті нығайтуға өз үлесін қосады.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы