Теміртау орталық «Әлихан Бөкейхан» мешітінің ұстазы Муслима Абдраймқызының ұйымдастыруымен екі ай бойы жүргізілген дәрістердің қорытындысы ретінде әйел-қыздар жамағаты арасында рухани-танымдық сайыс өткізілді.
Қатысушылар «Дұға жаттау», «Ата-анаға қатысты әдеп», «Білім әдебі», «Түс көру әдебі», сондай-ақ «Аллаһ Тағалаға қатысты әдеп» тақырыптары бойынша өз білімдерін сынға салды.
Шара барысында қатысушылардың діни сауаттылығы, әдеп мәселелерін түсінуі және алған білімдерін тәжірибеде қолдана білуі бағаланды. Сайыс өзара ынтымақ пен рухани серпіліс сыйлап, әйел-қыздардың білімге деген құлшынысын арттырды.
Кеш соңында белсенді қатысушыларға алғыс білдіріліп, арнайы сый-сияпаттар табысталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы