Center Image
IHSAN.KZ
«Бала қажы» мешітінде «Рамазанға дайындық» марафоны өтті
«Бала қажы» мешітінде  «Рамазанға дайындық» марафоны өтті

Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде жастармен «Рамазанға дайындық» марафоны ұйымдастырылып, «Рамазан – рухани тазару және адалдық айы» тақырыбында тағылымды дәрістер өткізілді.

Іс-шара барысында қасиетті айдың маңызы, оразаның тәрбиелік мәні және адалдық пен жауапкершіліктің қоғам өміріндегі орны кеңінен түсіндірілді. Дәрістерде Рамазанның тек аштық пен шөлге төзу емес, ең алдымен нәпсіні тәрбиелеу, жүректі тазарту және ізгі амалдарға ұмтылу айы екені айтылды.

Сонымен қатар жастарға қасиетті айды саналы түрде өткізу, уақытты тиімді пайдалану, пайдалы істерге ден қою және рухани кемелденуге ұмтылу жайында насихат берілді.

Кездесу ашық сұхбат форматында өтіп, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Шара жастардың рухани серпілісіне ықпал етіп, Рамазан айын жауапкершілікпен қарсы алуға бағыт-бағдар берді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz