Қарағанды қалалық «Бұқар Жырау» мешітінің наиб имамы Аманбол Рымқұлұлы «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Қарағанды қаласындағы №2 Білім-инновация лицейінің директоры Қанат Егенбердиевтің Алғыс хатымен марапатталды.
Алғыс хат лицейдің қоғамдық және тәрбие жұмыстарына белсенді қатысып, өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесіне үлес қосқаны үшін табысталды.
Бұл марапат – дін қызметкерлері мен білім ордалары арасындағы өзара ынтымақтастықтың жарқын көрінісі. Жастардың саналы, адал әрі жауапты болып қалыптасуына бағытталған мұндай бірлескен жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы