Қарағанды қалалық «Бала қажы» мешітінде «Бір айда бір кітап» жобасы аясында жастармен «Ислам әдептерінің энциклопедиясы» атты рухани кітапты оқу, талқылау және дәрістер өткізу шаралары ұйымдастырылуда.
Дәрістерді Фархад Нұрланұлы жүргізіп, кітап мазмұнындағы көркем мінез, әдептілік пен имандылық қағидаларын кеңінен түсіндіруде. Әрбір кездесуде шәкірттер өз ойларымен бөлісіп, күнделікті өмірде ислам әдебін ұстанудың маңызы жөнінде пікір алмасады.
Танымдық жиын жастардың рухани тәрбиесін нығайтуға, ізгі құндылықтарды бойға сіңіруге және білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Жоба аясындағы дәрістер тұрақты түрде өткізіліп келеді.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы