ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бұйрығымен Сейсов Назарбай Юсупұлы Қарағанды облысына қарасты Приозерск қалалық мешітінің имамы болып тағайындалды.
Қасиетті жұма күні Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Қоныскерей Құмарұлы жаңа имамды жиналған жамағатқа таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Бұған дейін Қарағанды қалалық «Әл Ғаффар» мешітінің ұстазы қызметін атқарған Назарбай Юсупұлының қажырлы қызметіне баға беріп, бұл қызметті де табысты атқарарына сенім білдірді.
Сондай-ақ, Приозерск қалалық мешітінде бұған дейін имамдық қызметін абыройлы атқарып, дін жолында белсенді қызмет атқарған Қожахметов Давид Сейтқалиұлына жасаған жұмыстары үшін ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай қажы Айтуғанұлының арнайы алғыс хатын табыстап, қазақы құрметпен иығына шапан жапты.
Сейсов Назарбай Юсупұлы
1998- жылы 7- қазанда Түркіменстан Республикасы, Лебабская облысында дүниеге келген.
Білімі:
2016-2019ж.ж. Алматы облысы, «Үшқоңыр» медресе-колледжі;
2021-2024ж.ж. Түркия Республикасы, «Хасеки» академиясын тәмамдаған.
Қызметі:
2024-2025 ж.ж Қарағанды облысы, Приозерск қалалық мешітінің ұстазы;
2025 жылдың тамыз айынан бастап Қарағанды облысы, Қарағанды қалалық “Әл Ғаффар” мешітінің ұстазы қызметін атқарып келеді.
Үйленген, 2 баласы бар.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы