Center Image
IHSAN.KZ
БЕЙСЕНБІЛІК РУХАНИ БАСҚОСУДА ОРАЗАҒА ДАЙЫНДЫҚ НАСИХАТТАЛДЫ
БЕЙСЕНБІЛІК РУХАНИ БАСҚОСУДА ОРАЗАҒА ДАЙЫНДЫҚ НАСИХАТТАЛДЫ

ҚМДБ-ның Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде алда келе жатқан қасиетті Рамазан айына рухани дайындық жасау мақсатында «Оразаға дейін атқарылуы тиіс 10 амал» тақырыбында рухани кеш ұйымдастырылды.

Берекелі кеш барысында Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Данияр Ерікұлы жиналған қауымға «Ораза ұстаудың тәртібі», «Ауызашар берудің мәдениеті мен тәртібі» тақырыптарында тағылымды насихат айтты.

Кеш аясында ораза мен рамазан айына қатысты викториналық сұрақ-жауап ойыны өткізіліп, белсенді қатысушылар мен жеңімпаздарға ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Сонымен қатар, рухани кеште Құран оқылып, ата-баба рухына дұға бағышталды.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz