Center Image
IHSAN.KZ
ҚАРАҒАНДЫ: «ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ» КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ДАСТАРХАНЫН ЖАЙДЫ
ҚАРАҒАНДЫ: «ЗЕКЕТ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ» КӨП БАЛАЛЫ АНАЛАРҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ДАСТАРХАНЫН ЖАЙДЫ

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен жалғыз басты және көп балалы аналарға қайырымдылық дастарханы жайылды.

 

Қасиетті рамазан айының қарсаңында ұйымдастырылған игі іс жергілікті дін жанашырларының демеушілк қолдауымен жүзеге асты. 

 

«Қазақ халқы қашан да болсын жетімі мен жесірін жылатпаған халық. Игі шараның мақсаты әлемуеттік көмекке мұқтаж отбасыларға, оның ішінде жалғыз басты нәзік жандыларға көмек көрсету. Осы қайырлы істі жүзеге асыруға мұрындық болған демеушілерге айрықша алғысымды білдіремін. Бұл сауапты іс басқа да жаны жомарт жандарға үлгі болады деген үміттеміз»,- деді «Зекет және қайырымдылық» қорының Қарағанды облысы бойынша жауапты өкілі Асылхан Рахымжанұлы.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі

 


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz