Center Image
IHSAN.KZ
ИСЛАМ ЖӘНЕ АДАЛ ҚОҒАМ: ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ
ИСЛАМ ЖӘНЕ АДАЛ ҚОҒАМ: ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА  ТАҢҒЫ АС БЕРІЛДІ

«Ислам және адал қоғам» жылы аясында ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша  «Зекет және қайырымдылық қоры» мен «Дәстүр және отбасы» бағытының ұйымдастыруымен қала тазалығын қамтамасыз етіп жүрген еңбек адамдарына арнайы таңғы ас берілді.

 

Ізгі бастаманың мақсаты — қоғамға пайдасын тигізіп жүрген еңбек адамдарына қолдау көрсету және мейірім мен қайырымдылықтың маңызын насихаттау.

Іс-шара барысында «Дәстүр және отбасы» бағыты бойынша Қарағанды облысының жауапты меңгерушісі Бақдәулет Қыдырбайұлы дәстүр мен ізгілік тақырыбында өнегелі насихат айтып, жиналғандарға рухани тағылым берді. Сонымен қатар, Құран аяттары оқылып, елдің амандығы мен еңбек адамдарының игілігі үшін бата жасалды.

Мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады деп күтілуде.

 

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі


Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz