ҚМДБ-ның Қарағанды облысы, Осакаровка ауданына қарасты Молодежный кенті мешітінің ашылу рәсімі өтті.
Игі шараға ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша бас имамы Естай Айтуғанұлы, аймақтың құрметті азаматтары, ауыл ақсақалдары мен жергілікті тұрғындар қатысты.
Құлшылық ордасының ашылу рәсімінде облыс бас имамы Естай Айтуғанұлы арнайы сөз сөйлеп:
_«Аллаға шүкір, жыл санап облысымыздың әр өңірінде мешіттеріміздің қатары көбейіп келеді. Мешіт – мейірімділік мекені, рухани орда, қоғамды ізгілікке шақырып, ибалы болуға үйрететін қасиетті орын. Осы мешіттің бой көтеруіне атсалысқан, ұйытқы болған арда азаматтарға Алла разы болсын! Кәсіптеріне береке, отбасыларына амандық тілеймін»,_ – деді.
Сондай-ақ, мешіттің құрылыс жұмыстарының басы-қасында болып, игі іске белсене атсалысқан Азамат Съездұлы, Нұрлан Тұрсынбайұлы және Ерлан Мамайұлына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің атынан алғыс хатын табыстады.
Жаңа мешіттің ашылу рәсімінде Қарағанды облысы өкілдігінің атынан «Мүфтият» баспасынан жарық көрген 100 дана кітап сыйға тартылды.
Айта кетейік, Молодежный кентінде бой көтерген жаңа мешітте бір мезетте 200 адамға дейін еркін ғибадат етуге мүмкіндік бар. Құлшылық үйінде ерлерге арналған намазхана, дәретхана, имам бөлмесі және 300 адамдық асханасы қарастырылған.
ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы