Center Image
IHSAN.KZ
«Қазыбек би» мешіті мектеп- интернатына кітап сыйлады
«Қазыбек би» мешіті мектеп- интернатына кітап сыйлады

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күніне орай Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлы қаладағы №2 мектеп-интернатына арнайы барып, оқушыларға рухани тарту жасады.

Игі шара барысында имам «Мүфтият» баспасынан жарық көрген «Бабалар ізімен» кітабын білім ордасының кітапханасына сыйға тартты. Кездесу барысында жас ұрпақты кітап оқуға баулудың маңыздылығы, ата-баба мұрасын танып-білудің құндылығы жайында тағылымды ойлар айтылды.

Рухани мазмұнға бай кітап оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қосары сөзсіз.

Шара соңында мектеп ұжымы мешіт имамына алғысын білдіріп, игі бастамалар жалғасын таба беруіне тілектестік танытты.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz