Center Image
IHSAN.KZ
«Отбасылық тәрбие және адал қоғам» тақырыбында тағылымды басқосу өтті
«Отбасылық тәрбие және адал қоғам» тақырыбында тағылымды басқосу өтті
Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінің жанынан құрылған «Аталар мектебі» ақ дастархан басында бас қосып, рухани-тағылымдық жиын өткізді. Кездесу «Отбасылық тәрбие және адал қоғам» тақырыбына арналды. Жиында мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы мазмұнды баяндама жасап, отбасы институтының қоғамдағы орны, ұрпақ тәрбиесіндегі ата-әженің рөлі, ұлттық құндылықтар мен діни тәрбиенің сабақтастығы жөнінде терең ой қозғады.

Имам өз сөзінде адал қоғамның негізі – адал отбасы, ал адал отбасының тірегі – дұрыс тәрбие екенін атап өтті. Ислам дініндегі отбасылық құндылықтар, үлкенге құрмет, кішіге ізет, жауапкершілік пен аманат ұғымдарының маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, бүгінгі қоғамдағы рухани дағдарыстардың алдын алуда ақсақалдар институтының, «Аталар мектебінің» орны айрықша екені ерекше атап өтілді.

Кездесу соңында алдағы уақытта да осындай мазмұнды рухани кездесулерді тұрақты түрде өткізу туралы ортақ келісім жасалып, «Аталар мектебі» жұмысының қоғам үшін маңыздылығы тағы бір мәрте айқындала түсті.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz