Шахтинск қалалық «Нұр» мешітінде жұма намазынан кейін қасиетті Рамазан айына орай маңызды діни шара ұйымдастырылды. Мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлы жамағатпен арнайы «Пәтуа сағатын» өткізіп, оразаға байланысты өзекті мәселелерге кеңінен тоқталды.
Кездесу барысында оразаның шарттары, бұзылатын және бұзылмайтын жағдайлар, денсаулыққа қатысты сұрақтар, пітір садақа мен ниет мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Жамағат тарапынан қойылған нақты сұрақтарға шариғи дәлелдермен тұшымды жауаптар берілді.
Пәтуа сағаты жамағаттың діни сауатын арттыруға, Рамазан айын дұрыс әрі саналы түрде өткізуге бағытталған тағылымды басқосу болды. Осындай рухани кездесулер мешіт пен жамағат арасындағы байланысты нығайтып, діни білімнің кеңінен таралуына үлкен үлес қосуда.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы