Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті Қасиетті Рамазан айына дайындық мақсатында жалпы тазалық жұмыстарын ұйымдастырды.
Ізгі шара барысында мешіт ауласы мен ғимараты тазартылып, ішкі бөлмелер ретке келтірілді. Құлшылық үйінің келбетін көркейту, жамағатқа жайлы жағдай жасау – игі істің басты мақсаты болды.
Жалпы тазалыққа мешіт қызметкерлері мен жамағат белсенділері атсалысып, бірлік пен ауызбіршіліктің үлгісін көрсетті. Рамазан айын таза ниетпен, таза ортада қарсы алу – мұсылманға тән игі дәстүр екені тағы бір мәрте айқындалды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы