Center Image
IHSAN.KZ
Ақадыр кентінде әйелдерге арналған «Рамазанға дайындық» шарасы өтті
Ақадыр кентінде әйелдерге арналған «Рамазанға дайындық» шарасы өтті

Шет ауданына қарасты Ақадыр кенті «Иса молла» мешітінің ұстазы Әлия Рахманқызының ұйымдастыруымен әйел жамағатына «Рамазанға дайындық» іс-шарасы өткізілді.

Шара барысында қасиетті Рамазан айына дейінгі атқарылатын амалдар, оразаның тәртібі мен маңызы түсіндірілді. 

Мешіт іші безендіріліп, дастархан жайылды, сондай-ақ қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, Рамазанға дайындық жайлы толық мағлұматтар берілді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz