Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Шахтинск қалалық «Нұр» мешіті көркемдеп безендірілді. Ізгі шара мешіт имамы Әбілхайыр Кәсенұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты.
Бұл игі бастама қасиетті айды құрметпен қарсы алу, жамағаттың рухани көңіл-күйін көтеру және мешіттің көркемдік келбетін жаңғырту мақсатында жүзеге асырылды.
Безендіру жұмыстарына атсалысқан барша азаматтарға мешіт ұжымы атынан шынайы алғыс білдіреміз.
Рамазан – мейірім мен сауапқа толы ай. Осындай сауапты істер қоғамда бірлік пен рухани құндылықтарды нығайта түсері сөзсіз.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы