Center Image
IHSAN.KZ
Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды
Рамазан айына дайындық жұмыстары пысықталды

Қарағанды қалалық «Қазыбек би» мешітінің имамы Асылхан Нұртайұлының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстарын пысықтау жиыны өтті.

Жиын барысында алда келе жатқан қасиетті айда атқарылатын рухани іс-шаралар, тарауық намазының ұйымдастырылуы, Құран хатымдары, уағыз-насихат дәрістері және қайырымдылық бағытындағы шаралар кеңінен талқыланды. Сонымен қатар жамағатқа қолайлы жағдай жасау, тәртіп пен тазалық мәселелері де назарға алынды.

Басқосу қорытындысында Рамазан айын жоғары деңгейде өткізу үшін нақты міндеттер белгіленіп, жауапты қызметкерлерге тапсырмалар жүктелді.



Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz