Қарағанды қалалық «Төлеутай ата» мешітінің ұйымдастыруымен «Қош келдің, Рамазан!» атты Құран Кәрімді жатқа оқудан сайыс өтті.
Асыл дініміздің қайталанбас құндылығы, тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі әрі сөзі – Құран екені баршамызға аян. Ардақты Елші, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің», – дегендей, қасиетті Рамазан айының қарсаңында ұйымдастырылған бұл байқау шәкірттердің Құранға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.
Ұлы ойшыл Абай атамыз: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас. Рас сөз ешуақытта жалған болмас», – деп Құранның ақиқатын айшықтап кеткен.
Сайыс барысында әділқазылар алқасы қатысушы шәкірттерге және жамағатқа Құран Кәрімді өз ережесіне сай, тәжуидпен оқудың сауабы жөнінде тағылымды насихат айтып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі және сайыс ережелерімен таныстырды.
Баға беру кезінде үміткерлердің оқу мәнері, дыбыстарды анық әрі дұрыс шығаруы, тәжуид ережелерін сақтауы сынды барлық қырына ерекше мән берілді.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға алғыс хат пен арнайы қаржылай сертификаттар табысталды.
«Халал» сертификаты
Имамдарға қызметтік пәтер
Мешіт туралы