Center Image
IHSAN.KZ
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде бейсенбілік рухани ауызашар дастарханы өтті
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде бейсенбілік рухани ауызашар дастарханы өтті
Қарағанды қалалық «Ар-Рахман» мешітінде «Рамазан – рухани тазару және адалдық айы» тақырыбында дәстүрлі бейсенбілік рухани ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында мешіт имамы жамағатқа Рамазан айының рухани-танымдық маңызы, нәпсіні тәрбиелеу, адалдық қағидаттарын ұстану және тақуалықты нығайту мәселелері жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ қасиетті айдың қоғамдағы ізгілік пен жауапкершілік құндылықтарын қалыптастырудағы рөлі атап өтілді.

Кеш аясында Құран аяттары оқылып, ел амандығы мен бірлігі үшін дұға бағышталды. Аталған іс-шара жамағаттың діни сауаттылығын арттыруға, рухани мәдениетін қалыптастыруға және Рамазан айының мәнін терең түсінуге бағытталған мешіттің тұрақты ағартушылық жобаларының бірі болып табылады.

Мәзір
Сайт тілі
© 2009 – 2026 IHSAN.KZ | ҚМДБ Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті Барлық құқықтар қорғалған. Ihsan.kz сайтында жарияланған кез келген материалды көшіру, тарату немесе басқа сайттарға орналастыру кезінде Ihsan.kz сайтына сілтемені міндетті түрде көрсетуді сұраймыз.

© 2025 Сайтты әзірлеген - abir.kz